Көктем – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Көктем» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2015
Қара жер қар, тоң кетіп қойнын ашты,
Көтерді, ашқан заман, гүлдер басты.
"Көрсет,- деп, - көпке тұрып түрлеріңді",
Бұлт бұған бу, буалдыр әтір шашты.
Ай мен күн осыларды қошеметтеп,
Қыздардай қылық көрсетіп, қақты қасты.
Көктердің бойы өсіп, буыны бекіп,
Бәрі де болып ырза, басты ырғасты.
Желегін жаңа жылдың көтеруге,
Жан-жақтан желдер де кеп, ұшырасты.
Сайрауға сандуғаш пен бұлбұл біткен,
Ішіне бау мен бақтың араласты.
Құлпырып қызыл күрең қырмызыдай,
Көрсетті шайқалып жер сондай нашты.
Кемпір, шал тоқсандағы тоңғанынан,
Көзінен, кетті ұмытып, аққан жасты.
Қызығып қылығына қара жердің,
Ел "егін ексек" деген ойға қашты.
Дайындап, қаптарына салып жатыр,
Тары, арпа, бидай, сұлы, күнжіт, машты.
Бұлардың былайынша біліп ойын,
Бұлақтар қай жердегі қайнап, тасты.
Қалайда отыратын уақыт емес,
Болмаса ақсақ, мешел көзі састы.
Осы еткен талаптарың оң болсын, - деп,
Олар да отырғанмен ақылдасты.
1918.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері