Карнавал – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Карнавал» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1120
Талғамдарды
Таң қалдырған карнавал,
Толғандырар
Сан ғасырлық арна бар,
Қызыл, жасыл,
Таңғажайып дүние,
Карнавалдан
Орныңды дәл таңдап ал!
Карнавалда былқылдаса
Ламбада,
Сылқылдайды
Сәмбі талдай самба да,
Жорғасынан
Бір жаңылмай ырғалған,
Пайдасы көп
Сымбатқа да, санға да!
Өмірінің базары да
Карнавал,
Өнерінің ғажабы да
Карнавал,
Дүниенің қызығынан
Құр қалмай,
Билеп бар да,
Керегіңді қармап ал!
Біраз елді
Құмар қылған карнавал,
Қасиеті
Жанында бар, қанда бар,
Ұлы мұхит
Бимен толқып тұрғанда,
Рио, сенде
Айтшы, қандай арман бар!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Карнавал өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Карнавал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Карнавал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Карнавал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері