Кімге сенем?

Бұл бетте «Кімге сенем?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Кімге сенем?
Сенетін дос қалмады.
Құлазыды көңілдің бостан бағы.
Жұлдыздарды жыбырқай көзіне ілмей,
Жабырқап тұр Ай да анау аспандағы.
Кімге сенем?
Жан-жағым – жапа-жалғыз.
Бірімізге-біріміз жат адамбыз.
Ағайынның ауылы аулақтады,
Əкеден ұл,
Алыстап атадан қыз...
Кімге сенем?
Қинады-ау сауал мына?
Дұшпан жайлап,
Іргемді жау алды ма?
Өлшеп кейде жатамын əуреленіп,
Бөлшектеуге келмейтін ауамды да.
Кімге сенем?
Жан бар ма серік болар?
Жон-жосығын айтпай ма беріп хабар?
...Күбірлейді бір үміт ту сыртымнан:
«Келіп қалар,
Сəл шыда,
Келіп қалар...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кімге сенем? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кімге сенем? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кімге сенем? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кімге сенем? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері