Мұңды әуендер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мұңды әуендер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1319
(аударма)

I
Жұлдызымен тағдырымның
бірге сөнген тәтті арманым.
Тек жанарда қалды мұңым,
көз салсаң да шаттанбадым.
Жас төккенмін,
жылауменен
мені талай басқан қайғы.
Тас мүсіндей мынау денем,
көзден бүгін жас тамбайды...

II
Күлкі қылдың сонда мені,
мен де саған жалынбадым –
ал жүректің болмады емі,
жалғыздықтан арылмадым.
Жатпыз енді — бар білерім.
Көзден жасым ақса да үдеп,
шыңғырса да жан-жүрегім
сүйе алмаймын басқаны деп...

ІІІ
Мен өзімді кұрбан еткем
құштарлыққа, сенен бөтен.
Алғашқы арман зырлап өткен
тілесең де келер ме екен.
Быт-шыт болған со күндегі
ұмытар ма үмітті ешкім...
Өлтіріп ең өзің мені –
енді қалай тірілтпексің?

МИХАИЛ ЛЕРМОНТОВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңды әуендер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мұңды әуендер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңды әуендер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңды әуендер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері