Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына
Туыпты-ау шалқасынан Ай тағы да.
Жалынып, жалбарынып жаратқанға,
Жасайтын қара басып қайта күнə.
Құдай-ау, қайда менің «Ай» дегенім?
Салмағы сары алтынға сай дегенім?
Балаған арманыма «алтын балық»
Ілінді қармағына қай неменің?
Ай қайда?
Алқаракөк аспан қайда?
Бəлекет тас төбемнен басқандай ма?
Қалқамды қара түнде қапқа салып
Қарақшы Қап тауына қашқандай ма?.
Жо-жо-жоқ!
Қарақшы емес, қашқан – бұлт,
Қайтесің, қамкөңілім, аспанға ұлып.
Одан да шалқасынан туған Айды
Ұйқыдан оятсаңшы шаштан бүріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері