Ескілік киімі – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Ескілік киімі» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 3
  • 14182
Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім — шидем шекпен.
Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп.
Күләпәра бастырған пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.
Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер,
Қанжығамда байлаулы жіптен шідер.
Жарғақ жастық көпшігім, жезді пыстан,
Бір келісті сайманым топқа мінер.


Пікірлер (3)

Айша

Өте керемет өлең

Задакуль

Бұрынғы киім жайлы ???? өте тамаша!

Айша

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескілік киімі өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Ескілік киімі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескілік киімі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескілік киімі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері