Үш пірім
Бұл бетте «Үш пірім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлең жазсам, көз алдымда
Ойшыл қалпы тұрады Абай
Мені бекер кінәләма
Сыншы бауырым абайламай.
Қос періштем қос иықта.
Ілияс, Қасым қос кемеңгер,
Ауыр жолда, ыстық, суықта
Аруағымен демегендер.
Поэзия асқарлары
Қолдаса Ілияс, Қасымменен
Ондай шақта маған қайдан
Үйір болсын жасық өлең.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі