Жеттің бе қуып, жырынды қайғым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жеттің бе қуып, жырынды қайғым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Жеттің бе қуып, жырынды қайғым,
көріп те қапты төбеңді ел,
мен әлі де сол бұрынғыдаймын,
"Не болып кеткен!" — демеңдер.
Қашқанда сенен қайда барамын
қателігім де көп, тегі
Аспанды қойып,
Айға қарадым,
оған да қолым жетпеді.
Жүрсің-ау деймін жиі есіңе алып,
қалмайсың менен өкшелеп,
Жыныма кейде тиесің анық,
"Тиіспе!" — деуге жоқ себеп.
Қайырыла соғып қарлы бораның —
қатыгез, қатал, қанды аяқ,
күлкімнің қанша алдын орадың,
кеткен бір кегің бардай-ақ.
Сан рет саған қарсы да атылдым.
сау-тамтық қалмай денемде,
қара найзадай шаншыла тұрдым:
"Біттің-ау енді?.. — дегенде.
Қашып та сенен қайда барайын,
өзімнің қайғым — өз мұңым,
күнге қарайын, айға барайын,
сала жүр, қалмай, көз қырын.
Жеткенде қырдан қарлы дауысың
саңқ етті бір ой санамда:
дос-дұшпан күліп,..
қалғымау үшін
қайғы да керек адамға!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеттің бе қуып, жырынды қайғым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жеттің бе қуып, жырынды қайғым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеттің бе қуып, жырынды қайғым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеттің бе қуып, жырынды қайғым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері