Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан,
Білмейді кешіруді кекшіл адам.
Үйренген оқып-тоқып пысықайдан
Мың артық оқымаған ескі надан.
Билікті елден сұрап сатып алған,
Жасырын екі-үшеуден қатын алған.
Жақсылық жасау қолдан келмеген соң,
ЬІлғи да жамандықпен аты қалған.
Жақынын жанға тартып жалақтаған,
Алысты алас-күлес аластаған.
Иілген ісі түссе ініге де,
Ағаға пайдасы жоқ – жанаспаған.
Демессің, уа, оқушым, бекер мұны,
Мықтының мезі қылды мекерлігі.
Көрініп келе жатыр көктеп өсіп,
Кімнің дос, кімнің дұшпан екендігі.
Төбені не шығады тау дегеннен,
Шалғынның құны түспес қау дегенмен.
Қапшығы зұлымдықтың тола қоймас,
Жақсыны жатқа санап, жау дегенмен.
Қабырғам соны ойласам сөгіледі,
Көзімнен қара бұршақ төгіледі.
...Бетке айтып үйренбеген
Байғұс басым
Алдында ақ қағаздың егіледі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері