Төлегетай бабамыз – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Төлегетай бабамыз» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жасытпай жұрағат пен жұратыңды,
Жұмақтан тапқан дейді ел мұратыңды.
Дарыпты бір басыңа жеңіс, атақ,
Алты алаш тегіс атап жүр атыңды.

Қайырмасы:
Төлегетай бабамыз,
Төлегетай данамыз,
Кешегінің жыр әні,
Бүгінгінің ұраны.
Қайда жүрсек есімің,
Есімізде тұрады.

Бағына жаратылып ғұрыпты елдің,
Ат басын бізге тағы бұрып келдің.
Жат жұрттың батырында кетпей кегің,
Ханның да шатырында тұрып көрдің.

Қайырмасы

Тапсам деп барша қазақ бағын қайдан,
Қамалың дала болған, тағың-майдан.
Атыңды жатқа жұмсар құралы етіп,
Келеді ұран етіп қалың найман.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төлегетай бабамыз өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Төлегетай бабамыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төлегетай бабамыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төлегетай бабамыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері