Ұстазыма – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұстазыма» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2822
Жазу білген балаға
қарайтынмын қызығып.
"Хат жазшы,— деп,— ағама",
баратынмын жүгіріп.
Кітаптарды қолға алып,
үңілетін едім мен.
Оқи алмай қорланып,
түңілетін едім мен.
Хат та жазам ал, міне,
жалынбаймын ешкімге.
Оқып берсем әңгіме,
әжем құштар естуге.
Жақсы оқуды үлгі еткен
бала бол деп тіл алғыш,
Бәрін маған үйреткен
ұстазыма мың алғыс!
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстазыма өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ұстазыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстазыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстазыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері