Қара арғымақ арыса – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қара арғымақ арыса» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар.
Кәріліктен, жоқтықтан,
Кәдірлі басың сұм болар.
Арылдаған арыстан,
Айға шауып мертіксе,
Аңдығаны тышқан мен
Шимайланған жым болар.
Тәубе, тәубе бәріне,
Орынсыз асып-тасыма.
Кәрілік пен жоқшылық,
Келмейді деме басыма.
Талығың жүріп тұрғанда,
Талқаныңды бөліскін.
Жақсылығың болмаса,
Жан жоламас қасыңа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері