Бір әнші

Бұл бетте «Бір әнші» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2535
Бұл не өзі ән бе, әлде айқай ма? –
Мен білмеймін, білсең, туыс.., айт онда.
Сахнада тұр ғой өзі, уақытын
Босқа өткізіп сынамақ па бақытын?
Деген ойдан: ойнап тұрған жоқ па бұл,
Жұтқыншағын, жүзін көріп тоқтадым:

Алқымы іскен, қысып көрсе-ау аздап бір,
Көз дегенің шығып кете жаздап тұр.
Өзін-өзі қылғындырып, бір тілсіз
Тұр алдымда.
Тыңдап қапты жұрт үнсіз,
Тыңдаса егер қол соқпай ма енді олар,
Әлде олардың құлақтары кем болар?
Қызық, қызық: жастары да, кәрі де
Құлақтарын басып апты-бәрі де.
Қол соқпаудың барлық сыры сондағы:
Құлақтардан босамапты қолдары...

Оу, әнші дос, табиғатты зорлама,
Кеудеңді жап, ол шабытқа толмаса.
Біз риза болар едік қарғаға,
Бұлбұл деген бір мықтымыз болмаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір әнші өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Бір әнші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір әнші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір әнші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері