Күн батқан соң – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Күн батқан соң» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1531
... Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,
қоя аурудан айықпаған баладай.
Кәрі шыңдар бір-біріне суысты,
бір суық леп кезіп жүрді жағалай.
Тау әжімі терең тартып барады,
бір қаталдық тұрды жұртқа білінбей.
Сайдың бетін жеңіл мұнар жабады,
жеңіл мұнар жасыл көлдің түбіндей.
Мұнартты тау
қалжырады-ау ол анық,
тастады ма таскөмір-бұлт жаныштап?
Аспан, міне, келді жерге таянып,
шың барады бірте-бірте алыстап.
Алыстағы трактордың гүрілі тауға соғып,
жаңғырыға құлады.
Түсті иыққа Алатаудың бұрымы,
сыңғыр етті ақ бұлақтың құлағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн батқан соң өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Күн батқан соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн батқан соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн батқан соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері