Нұрландырса өміріңді сан арман – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Нұрландырса өміріңді сан арман» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1273
Нұрландырса өміріңді сан арман,
Қуанасың ұрпағыңа жаралған,
Күн қыздырса, егілген дән көктеген,
Жауын жауса, қара жер де нәр алған.

Бозбаланың дұрыс шықса есебі,
Әже болса бойжеткендер кешегі,
Бұл күнді де аман-есен көрдік деп,
Тәуба қылсаң, көңіл шіркін өседі.

Алыстарға жетелесе жол басы,
Ұрпақ деген ата-ананың жалғасы,
Бір толқынды толқын қуып келесі,
Құрғамайды тіршіліктің арнасы.

Жолаушымыз бәріміз бір кемеде,
Бұл дүние екі айналып келе ме?!
Ден сау болып, қуантсын тек біздерді
Бұл ғұмырды ұзартатын немере.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері