Өлең, жыр, ақындар

Амалдар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 821
Тапжылмай тұрған таулардан тыпыршып соғып самалдар,
Батқанда жерге үш жұлдыз басталады бір амалдар,
Әуелі жаңбар сіркіреп керенау кербез бұлттардан,
Көбік боп жерге қонады былтырдан қалған адау қар.
Қара оты қырдың шыланып, қадалып төскей тола мал,
Қайыруға шыққан қара шал қаусырма тонға оранар.
Қураған қамыс құламай, қалтылдап қана тұрады-ай,
Шәлісі кетіп, шаң борап, көң исі шыққан қоралар.
Көң исі шыққан қыстаудан көңірсіп түтін көлбесе,
Көңілде сонда кешкі асқа асыққан тәбет меңдесе.
Қымтанып тұрып қара шал «амал ғой бұл» деп ай санап,
Кемпірі құяр кешкісін қан күрең шайға шөлдесе,
Сағынып қалған мезгілдің салқындау желін елемей,
Созылтып күйсеп, қаракер қайырып, мойнын желдесе...
Батқанда жерге үш жұлдыз, басталады бір амалдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амалдар өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Амалдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Амалдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Амалдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері