Достар құшағында – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Достар құшағында» атты Сағи Жиенбаев жазған достық туралы өлең берілген.

Жамал Омароваға

Қасымда бүгін достарым менің,
Құшағым толы қырмызы гүлдер.
Толқиды жаным, аспаным кеңіп,
Арайлы таңдар, қызықты күндер.

Қайырмасы:

Кел, жан достарым,
Мен бір ән бастадым.
Шырқайық желпіндіріп тау асқарын.

Келеді көктем, келеді жаздар
Қырларға балғын гүлдерін алып.
Тұрады сәуле көңілде маздап,
Жатса да зулап күндерім ағып.

Қайырмасы:

Аспаным нұрын төгеді көктен,
Күтеді қызық таңдарым алда.
Құшағы жалын, көңілі көктем
Өздерің бар да, арманым бар ма?!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері