Құрбыға – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Құрбыға» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Балғын гүлдер
Жайнаушы еді далада.
Балғын гүлдер
Жайнаушы еді қалада.

Балбыраған,
Бәрі сондай әдемі –
Қызғылт еді, сарғылт еді, ақ еді.
Көп еді оның, көп еді оның түрі де.
Сен олардың ұқсамайсың біріне.

Көл жағалап,
Қуушы едік құстарды,
Қиқу салып,
Талайы алдан ұшқан-ды.
Бәрінің де ғажап еді әуені,
Аңқау еді, албырт еді, сақ еді.

Көп еді оның, көп еді оның түрі де.
Сен олардың ұқсамайсың біріне.
Ұқсамайсың атып алған құстарға.
Ұқсамайсың сатып алған гүлдерге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері