Бұл бетте «Достарым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 30.09.2024
- 0
- 1
- 1259
Мен әрқашан жалғыз өзім жүрмеймін,
Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін.
Жер-жердегі достарымды санасам,
Аспандағы жұлдыздармен бірдеймін.
Достарымның жүрген жері ән-өлең,
Кейбіреуі қайыспайтын қара емен...
Біреуінен зәбір көріп қалсам да,
Мен біреуін зәбірлеген жан емен.
Жатыр бәрі көкірегімде ұялап,
Шыңға бірге шығып келем қиялап.
Құрбыларға назданғаным болмаса,
Мен оларға жасағам жоқ қиянат.
Бүгінгі емес, ертең келер күн де өзге,
Тұра бермес жалын атып нұр кезде.
Жұбымызды жазбайықшы, достарым,
Жалғыз-жалғыз жатамыз ғой бір кезде...
Интизор
маган унади олен