Жоқ, дәрігер
Бұл бетте «Жоқ, дәрігер» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
Heгe аяныш атасың іреңіңнен?
Айтып өлтір,қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
Адасам ба өмірден жастай қалып?
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
Heгe айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып.
Пері соққан пендедей есі жарым,
Тамырымда тулайды есіл ағын.
Бұл жүректің білмеймін несін алдым,
Несі жоғын білмеймін, несі барын?
Қаным қайнап барады, қаным қайнап,
Бір амал тап, дәрігер,халімді ойлап.
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап.
...Жоқ!
Дәрігер!
Орнатпа басқа жүрек!
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!
Өңгеріп өгей жүрек қайда барам,
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
Сыйыңа рахмет, қайран адам!
Өзімнің жүрегімдей қайда маған?
Алмастырам!?
Дедің-ау, алмастырам!..
Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан.
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?
Тула, Жүрек!
Өкінем мен несіне!?
Туған жүрек,әрине,өлмесін бе?
...Жоқ!
Дәрігер!
Қозғама,
дамылдасын,
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!
жақсы өлең
Маған қатты ұнады. Өте тамаша өлең!
Өте тамаша өлең!
Жақсы өлең
Өте жақсы өлең!
Өте керемет өлең
Керемет өлең
Мен бул оленди коп издедм.Оте кереметь олен екен гой Маган катты унады
Өте керемет!
Маған ұнады
ен керемет олен
Күшті өлең
Өте керемет маған ұнайды осндай Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері менің өзіме,өміріме шабыт береді!
Керемет
Өте тамаша!
Өте керемет ❤
Керемет
Мұқағали Мақатаев
Өте керемет!
Мұқағали Мақатаевтың Жоқ, дәрігер атты өлеңі ұнады
Өте керемет өлең
Өте керемет өлең♥️
Маған бұл өлең өте қатты ұнады
Маған ұнады
Маған өлең қатты ұнады
Өте керемет өлең!!!!! Тезақ жаттап алдым.
Тез жаттап алдым.
Садрымм
"Жоқ дәрігер" өлеңі өте керемет❤️
Терең мағыналы
Өте керемет өлең
Отлично
Мұқағали Мақатаевтың «Жоқ, дәрігер» өлеңі – жүректің шынайы дауысы! Өз жүрегіңді ешкімге алмастырмайсың... Терең, әсерлі!
Мұқағали Мақатаевтың «Жоқ дәрігер» өлеңі — қазақ поэзиясының жүрекке жақын, терең ойлы шығармасы. Ақын бұл өлеңінде адам тағдыры мен өмірлік қиындықтарды шынайы әрі көркем тілмен суреттеп, әр оқырманға адамгершілік пен өмірдің құндылығы туралы ой салатын философиялық мазмұн ұсынады. Бұл поэтикалық туынды қазақ әдебиеті классикасының маңызды үлгілерінің бірі ретінде жиі ізденеді.
Мұқағали Мақатаев-тың «Жоқ, дәрігер» өлеңі керемет!!
Бұл өлең — жүрек пен жанның ауыр тылсым сырларын әсерлі тілмен жеткізген шедевр.
Мұқағали ақындығы — сезім мен шынайылықты бір арнаға тоғыстыруында.
«Дәрігер» образы арқылы жүректің тек физикалық емес, рухани жағдайына да үңіледі — ішкі әлемдегі дертті, аңқуын, жоғалтқан сезімді емдей алмай тұрған халді суреттейді.
Өлеңде жалғыз адам ғана емес, барша адам баласының сырлы мұңы байқалады: «…Жоқ! Дәрігер! Қозғама, демалсын» — деген соңғы жолдарда өз жүрегіне деген сүйіспеншілік пен өзін сақтаудың нәзік үнім бар.
Бұл шығармадан өлеңнің мағынасы мыңдаған оқырманның жүрегіне жол тауып, терең ой мен сезім туғаны байқалады.
Жалпы, бұл — тек бір өлең емес, адам жан-дүниесінің айқын көрінісі, өмірдің ішкі қырларына үңілетін терең поэтикалық жыр.
Өте керемет өлең!!!
Ертең болатын республикалык жарыса айтамын буйырса