Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым –
Ақылбек Шаяхмет
Бұл бетте «Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым» атты Ақылбек Шаяхмет жазған достық туралы өлең берілген.
Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым,
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін!
Жемісі көп ағаштың бұтақтары иілсе,
Дақылы жоқ масақтар кереді екен кеудесін.
Көрген кісі бетіңді түсіне ме ниетіңді,
Жерде отырған кемеңгер көптің бірі секілді.
Ойы шала болса да, данамын деп күпінген,
Төрде отырған маубастың сөзі болар өтімді.
Мақтанғанда жусаннан биікпін деп бетеге,
Айтқан сөзің, тегінде, құлақт арға жете ме?!
Жүрсе-дағы секеңдеп, сақалы бар екен деп,
Жүні қалың қой біткен бас шұлғиды текеге.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі