Тонсаң да қаңтар, ақпанда – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Тонсаң да қаңтар, ақпанда» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1299
Тонсаң да қаңтар, ақпанда,
Тап болсаң-дағы қақпанға,
Байқамай отқа күйсең де,
Жамаулы киім кисең де,
Мұз қатқан суға түссең де,
Қатықсыз сорпа ішсең де,
Ауыр жүк сүйреп, талсаң да,
Жапанда жаяу қалсаң да,
Болса да бейнет телегей,
Солардың бірін елемей,
Көңілде уайым аз болса,
Он екі мүшең сау болса,
Өмірің болар базарлы,
Жүзің де болар ажарлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері