Жастықтың жазғы бағы – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жастықтың жазғы бағы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2279
Есенбайдың әні
Ақ самал жеткен күліп
Алдымнан есіп қашқан.
Жас дәурен — көктемгі бұлт,
Барады көшіп бастан.
Қайырмасы:
Аңсарым арылмады
Айтсам да мың әуенмен.
Жастықтың бағындағы
Жасай бер, бұла Дәурен!
Бозторғай шырлай ұшып,
Билейді нұр шайған гүл.
Қайыңдар тұр майысып
Әнінен мың сайрамның.
Қайырмасы.
Бесігі қанша арманның —
Келемін іздеп елес. —
Бұл бақта ән салғанның
Соңғысы біздер емес!..
Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері