Қарызға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қарызға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 506
Сұрадың, қарыз дедің,
Жәрдемді парыз дедім...
Ол сәтте мен ғажайып
Ақын ем, нағыз едім.
Енді өзім қайта аларда,
Кең дүние шайқалар ма!
Әуе айна, жер тебіңгі,
Ақындық менен байқалар ма.
Даттауға шара іздедің,
Бойымнан ар іздедің.
Серт қылдым, «Енді ешкімге
Бермеспін қарыз» дедім.
* * *
Мұңға мың себеп бар,
Кей-кейде дүние тар
Көрініп, көңілің жүдеп
Қағады жүрегің зар.
Маңып жоқ'болғың келген
Бауырым, болады хал.
* * *
Жүрек, шіркін, тәріздісің
Тарау-тарау жол торабы.
Сезім баурар магнитсің,
Бәрі саған жол салады.
Армандар бар әлем толы,
Саған ерем жетсе дейтін,
Сезімдерге дәнекер боп,
Мәңгіге алып кетсе дейтін.
* * *
Жүрегіңді зар жайласа,
Дәмі болмас бал шайнасаң.
Затқа айналып көз жұмарсың,
Тек дүниеге қарайласаң.
Қарынын аш, қабағың ток,
Жүзің жарқын ар ойласаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарызға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қарызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері