Тайталас – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тайталас» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Күні жоқ мені тағдыр жылатпаған,
Азсынсаң, Алатауды құлат маған.
Жарыла жаздап жүрсің келісе алмай
Қадамымменен алға бір аттаған.
Күні жоқ мені тағдыр жылатпаған,
Азсынсаң, қара аспанды құлат маған.
Басыма сен орнатқан қара түнде
Арымнан аппақ адал шырақ жағам.
Күні жоқ мені тағдыр жылатпаған,
Азсынсаң, көктен жасын құлат маған.
Басыма сен төңкерген қара таудың
Асты емес, нақ шыңынан тұрақ табам.
Мен шықсам, шықтым алға еңбегіммен,
Сен шықтың шың басына жеп-жеңілмен.
Әккісің осыменен көзің шыққан,
Алаяқ атамаған ел тегіннен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тайталас өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тайталас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тайталас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тайталас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері