Төзу керек, бәріне төзім керек – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Төзу керек, бәріне төзім керек» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2085
Төзу керек, бәріне төзім керек,
жанды қайрап, өзіңді өзің жебеп.
Ақты – қара, қараны – ақ дейтіндерге
қыжыл қайнап – жүректе, көзіңде – кек,
жұдырық ап шыдамай жүгіргеннен
тас құдыққа түсесің өзің кенет.
Ақтығыңды кешпейді ешкім саған,
төзім керек төзбестей ешбір сараң.
Шыңыраудың суындай сана тұнып,
даналықпен жер басар кек сіңсе адам.
Шатқалына шындықтың жетем десең,
тек шыдауға, шыдамға жетсін шамаң.
Есті жүрмес басқаның қолын қағып,
бірақ ылғи болмайды жолың жарық.
Өмір өмір бола ма, күрестерсіз
жатса барлық тілегің орындалып
және ақыл, күшіңнің мәні қандай
кетер болсаң отыңа өзің жанып?!
Тек шыдай біл жүректе қаның қатып,
мін мақсаттың пырағын арындатып!
Жалқаулыққа батырар түңілулер,
жанды шыңдар еңбектен арылма түк.
Лап етіп бір түбінде жану – бақыт,
дүниені түп-түгел жалындатып!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төзу керек, бәріне төзім керек өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Төзу керек, бәріне төзім керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төзу керек, бәріне төзім керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төзу керек, бәріне төзім керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері