Қыз ұзату – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қыз ұзату» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7787
Қырдың қызыл қызғалдағы тәрізді,
Құлпырса қыз арайланар таң ізгі.
Бойжеткен соң қыздың жолы жіңішке,
Ауыл – аймақ аңдып жүрер әр ізді.
Үйінде қыз қол салдырмас асау тай,
Еркелікпен жүрер аяқ баса алмай.
Деп жатады ел ісмер қолдан шыққанды:
«Қызға жиған жасаудай».
Ұйыпты ел қызды ауылда сүттей боп,
Небір даулар қыз алысып бітпей ме?!
Ел мадақтар салтанат пен сәніңді:
«Қыз жинаған жүктей» – деп.
Өмір сәні қыз бұрым боп өрілер,
Қалар бәрі шақтың сонау ерінер.
Қыз кеткен соң, қыз кеткен соң өз үйің,
Қаңырап бір бос қалғандай көрінер.
Жүре алмайсың ақ ботаңды аңсамай,
Іздейсің сен бауыр етті қаншама ай.
Өз қолыңмен өзге ұяға бересің,
Қайтесің сен өмірдегі заң солай.
Қыз баланы кәмелетке толтыру,
Әдет – ғұрып, салт – сананы, жолды ұғу,
Міндеті әке сүйгеніне ұзатып,
Бойжеткен соң құтты орнына қондыру!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз ұзату өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қыз ұзату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз ұзату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз ұзату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері