Әке аманаты
Бұл бетте «Әке аманаты» атты Мұқағали Мақатаев жазған әке туралы өлең берілген.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 16
- 59788
(Еске алу)
Аттанарда алыс жолға,
Тапсырды әкем аманатын.
Серт етіп мен де алдым қолға,
Әкемнің берген «асыл затын»
Сұстандырған суық лебі,
Соғыс жылы, қыстың кезі.
Әкем сонда аймалап мені,
Аманат еткен мынау еді сөзге
«Тыңда, балам, тыңда, күнім
Болуға жара қолқанат!
Кәрі анаң, сәби інің,
Барлығы саған аманат!
Мен де сенің он жасыңда,
Атадан жетім қалғанмын.
Аса ақылды болмасам да,
Аманатын алғанмын.
Санамда сіңіп, сақталып,
Әкеңнің сөзі өлмеген.
Болғанша кашан ақталып,
Тұратын бел боп көлденең.
Талпын өмір шыңына,
Жетіп те мүмкін қаларсың!
Анаңның ауыр мұңына
Сергіткіш себеп боларсың!
Сен жас буын, жаңа тал,
Гүлің де өсіп шашырар.
Сарылып оқып, білім ал,
Сөнгенше сәулең асырар»
Деп жан әкем аттанып
Кетті қайта айналмай.
Тек сол сөзі жатталып,
Жүрегімде қалғандай.
Мұқағалидің артына қалдырған мұрасы ешқашан өлмейді
Мұқағалидің артына қалдырған мұрасы ешқашан өлмейді
Маған Мұқағалидың өлеңі қатты ұнады жан тербетерлік ғажап.
Бул олен шумактарында неше турли магына жатыр
Маган М.Макатаев атамыздын олендеры катты унаиды асыресе Казакстан деген олены
Маған қатты ұнады жылатып жіберді рахметімді айтамын
Өте жақсы
Талпын өмір шыңына!
Күшті екен
Күшті екен
мағанда қатты ұнады өте күшті екен қазір М.м
Мақатаев киносы шықты
әлімхан деген бір бала түк қызық емес деп айтып жатыр
өте керемет екен! маған ұнады Мұқағали мақатаев ешқашан халықтың есінен шыққан емес! күшті! ???????????? (✷‿✷) (✷‿✷) =!!!
Мұқағали мақатаев ешқашан халықтың есінен шыққан күшті маған қатты ұнады
Маған ұнады күшті
маған ұнады