Әке сөзі
Бұл бетте «Әке сөзі» атты Мұқағали Мақатаев жазған әке туралы өлең берілген.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 12
- 50754
Бұл дүние не боп кетті?
He боп кетті?
Ой! Балам!..
Қызығым-ау, бұзығым-ау,
Отқа түсіп, ойнаған.
Жатсам, тұрсам тағдырыңды
Тағат таппай ойланам,
Қайда кетіп барасың сен?
Қой, қой, балам!
Қой, балам!
Құландайын, құлындайын
Еркін өскен тентегім,
Барлығымыз ардақтаған үйіміздің көркі едің.
Құрып тұрмын түсіне алмай,
Түсіне алмай мен сені,
Бүлінбесе жарар еді.
Бүгінің мен ертеңің.
Досыма да, қасыма да мерт еттің ғой сен мені,
Қандай қиын, қапелімде қара бұлттың төнгені.
Бұзығым-ау, бұрылсаңшы,
Бұрылсаңшы, кел бері!
Сейілтсеңші торып тұрған қара бұлтты
Бұл дүние не боп кетті?
He боп кетті? Әй! Балам!..
He боп кетті?..
He боп кетті!
Үйім, түзім - айналам?!
Көбірек жаза жүрсеңіздер
Ана сөзі деген барма?
Рахмет. Супер. ❤❤❤❤
Рахмет жақсы екен
Уау күшті
Супер
Өте керемет!
Енді мұндай өлеңдер болар ма екен?
өте керемет!
нағыз әкелерге
арналған
өте күшті
күшті ғой ????
Нағыз ғажап деп осыны аиту қажет
Мың алғыс