Сырдария – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сырдария» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Түнделетіп сұлу Сыр,
Тұңғыш келдім жағаңа,
Долы желдің елемей
Жармасқанын жағама.
Көпіріңнен көз салдым
Көсілген бай далаңа,
Ыңыранып ырыс-бақ
Жусаған сай-салаңа.
Каналдарын тоғысқан
Бей не жолдың торабы
Плотинаң – диспетчер
Бағытыңңды шолады.
Айдынында ай жолы.
Айдай екен ажарың.
Аймағыңа анадай
Мейрімді екен назарың.
Алқабында алтын дән
Өскен —
Халық ырысы.
Осы өлкенің екенсің
Жан жүйесі, тынысы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырдария өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сырдария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырдария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырдария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері