Ай-ай-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ай-ай-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2280
Бұл жастық бастан бір-бір өтер деймін,
Бал менен тәтті нәрсе шекер деймін.
Көргенде ұлы тойда сергексініп,
Ұзақшыл аттай жүйрік тепеңдеймін.

Жастық шақ өте шығар басымыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан.
Он бес пен жиырманың арасында,
Кетпейді келген құрбы қасыңыздан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері