Бұл бетте «Ай-уәй» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Естілсе ет елеңдер үбір-дүбір,
Жігітті дүбірлетер жиырма бір.
Барында оралыңның ойна да күл,
Келмейді қайта айналып өткен өмір.
Жігітті жиырма бесте қағар пері,
Қатпайды суыт жүрген аттың тері.
Салдықтың салтанатын құрайық бір,
Дәуренді бізден қалған жесін бөрі.
Орнына өнер-білім дәмін тату,
Жігітке жараспайды қарап жату.
Бүгінгі күнді іспен өткізбесең,
Ертеңгі күнге қиын жауап қату.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі