Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 544
Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы
Солдырып мынау өмірге үйді наланы
Өзі аспанда, жердегі сорды ұжмақ деп...
Мейірімсіздік басты байлыққа бөккен даланы.
Естідік пай-пай естідік талай сұмдықты
«Хабар» арнасы-ақ жеткізді талай шындықты...
Әкесін атып, сәбиін көміп қоқысқа
Ұлың мен қызың мынау қоғамды пір тұтты.
Көбейді-ау тек құлқынын қарақтаған
Құлармын демей орға жар аттаған.
Ұлтының ақ бетіне қара дақ боп
Құрбан ғып адам атын ар аттаған.
Санаулы сараласаң санатта адам,
Баю боп бар ынтасы жалақтаған,
Сенгенім қорғайды деп өзі тонап...
Қылығы ар-ұжданды шабақтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері