Биші – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Биші» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1913
Жанарды жаулаған сымбаты
Шебер қолдан шыққан мүсіндей
Алақанға алып қондырсаң
Қоярдай жерге әсте түсірмей.
Шаншылып башпайдың ұшынан...
Керемет көрмессің тап мұндай.
Сылдырсыз су сызған көлдегі
Жарасқан қос жұбай аққудай.
Елік дәл елеңдеп орғыса,
Еркелігі билер еркінді.
Жүрісі Керіктей кербез-ақ
Еру ғып елтітер әркімді.
Зымырап зырласа, ұршықтай,
Құйынның қимылын танытқан.
Әуелеп ұшқанда ауада
Айнымас қалқыған мамықтан.
Маусымдық гүл ғұрлы бүр ашпай,
Жас сұлу өмірмен қоштасып...
Дененің қимылы осылай
Сөйледі тағдырын қос ғашық.
Ғасырлар қойнауын актарып
Тылсымдай сырларын жан ұққан
Сан қырын саралап өнердің
Табылмас қараудан жалыққан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биші өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Биші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері