Ең қызық өмір

Бұл бетте «Ең қызық өмір» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Апалап келіп,
Бауырыңа еніп,
Әр қайда жүріп,
Пайдаңды көріп...
Өткелден қиын
Өтіп алған соң,
Мақсатқа әбден
Жетіп алған соң.
Шынтақтап сені
Кейін ысырып,
Бірер сатыға,
Төмен түсіріп,
Кеткісі келеді
Мамықша ұшырып.
Сен де адамсың,
Көнесін бе оған,
Ниетін танып,
Соғасың қорған.
Кер қасқаға ұқсап
Қасарып алып,
Жан күйер көздер
Шоқтайын қарып
Тұрса, мейлің деп
Шықпайсың жолдан.
Осылай жүріп
Тозады көңіл
Тозса көңілін
Тимейді жеңіл.
Әйтсе де аңқау
Адалды адам
Ететін осы
Ең қызық өмір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең қызық өмір өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ең қызық өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ең қызық өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ең қызық өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері