Қажыдым

Бұл бетте «Қажыдым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 900
«Жалғыздың үні,
Жаяудың шаңы
Шықпайды» деген
Мақалдың мәні
Басымнан өтті,
Қажыдым әбден,
Өмірдің мынау
Жоқ сынды сәні.
Сүйеуші де жоқ,
Демеуші де жоқ.
Өзіме сеніп,
Еңбегіме тек,
Келемін ылғи
Ұмтылып өрге,
Бастырмас алға
Бөгетім де көп.
Көре алмай мені
Құл етпек дұшпан,
Өлімге қияр
Жек көретін де көп.
Қоярым қарсы
Ар, намыс, ұждан
Қос қолым ғана
Беретін көмек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажыдым өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қажыдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажыдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажыдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері