22 қаңтар. 2007 жыл – Құралай Омар

Бұл бетте «22 қаңтар. 2007 жыл» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Мұң мені жатты қамап,
Көзде шық жылтылдайды.
Көрмеген сәтті санап,
Тек сағат сыртылдайды.
Сағыныш сіңіп қалған
Жүрегім тоқтар ма еді.
Қанатым сынып, талған,
Ұшуға жоқ дәрменім.
Бес күндік жалғанымның
Өртеді күйіктері.
Бұлттай ақ арманымның
Ең асқақ кейіпкері,
Маржан сөз төске теріп,
(Белгілі, ұтыларым)
Сізге арнап тост көтеріп,
Жасымды жұтып алдым.
Туған күніңізбен!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

22 қаңтар. 2007 жыл өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

22 қаңтар. 2007 жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

22 қаңтар. 2007 жыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

22 қаңтар. 2007 жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері