Ит дүние (екінші өлең) – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Бұл бетте «Ит дүние (екінші өлең)» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6363
Ит дүние, мұнша неге олақ болдың,
Ұстауға құйрық-жал жоқ, шолақ болдың.
Дүниеде жолдас болған достарыңның
Ит дүние, бәрін бірдей тонап болдың!
Ит дүние, ойлап тұрсам, диуанасың,
Кеш тұрып, ерте жатсам, суаласың.
Ілескен достарыңды отқа итеріп,
Шапақтап екі алақан, қуанасың!
Ит дүние, кәне, сенің болған жерің,
Әрқашан жақсыларға қонған жерің!
Жібердің Қарынбайды жер түбіне,
О, пәлі, кәне, сенің оңған жерің?!
Ит дүние, залымдарға жолдас па едің,
Жақсыға, жақсы болса, қонбас па едің?!
Ғалы мен пайғамбарға жоламайсың,
Мен сені сонан соң-ақ: "Оңбас!"- дедім.
Ит дүние, талайлардың көзін ойдың,
Мен саған сонан соң-ақ әбден тойдым!
Жаннатқа ақымақты кіргізе алмай,
Апарып жер ортаға дел-сал қойдың.
Ит дүние, жарға ойнаған лақтайсың,
Толқыған, кетеріңде, сынаптайсың!
Алланың береріне кез келсе егер,
Тасыған таудан аққан бұлақтайсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ит дүние (екінші өлең) өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Ит дүние (екінші өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ит дүние (екінші өлең) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ит дүние (екінші өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері