Екінші есімім - Азап

Бұл бетте «Екінші есімім - Азап» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 739
Жұрт білмейтін екінші атым Азап,
Зар-мұңы бар оның да заты қазақ.
Міндетсімей ешкімге тер төгеді
Оңашада жанын жеп жатып өзі-ақ.
Бұйыртпаған құдайым тыныштығын
Оған сыйға тартады түн ыстығын.
Мәз болады соған ол таңға шейін
Тағы да бір бітті деп тың іс бүгін.
Іс дегені басқа жәй істен гөрі
Жөргегінен шыр етіп түскен жері
Шаранадай құптайды Азап төлін,
Сол ғой жұрттың қызықтай түскендері
Тұла бойын тұтқан сол дуалы ісі
Әпенделеу Азаптың қуанышы.
Қасіретпен заңғарың қауышқанда
Бақсылардың жынындай буады іші.
Көңіліне көшіп кеп ел түнесе,
Ел халіне ол онша елтімесе,
Азапқа сор жолығып, сол арқылы
Жем тілемей жүрегі ем тілесе,—
Сонда көр сен Азаптың долыққанын,
Азап соны не екенін мол ұққанын.
Ә-ә, солай ма, — дейді де өртенеді ол,
Өрті ұрттап ішсе де толық қанын.
Тақсіреттей ол тартқан соғыстағы
Қиянатпен қиын ба тоғыспағы?!
Тән жарасы аздай-ақ, жан жарақат
Алсын деп те кімдердің оғы ұшпады?!
Төзіп бақты соған да біздің Азап,
Қылмыс та жұрт ол басқан ізді мазақ
Ол екеуміз қансырап жатқанда тек
Ақ бейнеттен күдерді үздік аз-ақ...
...Иа, сол Азап екінші даусыз атым
Қашан өзім біткенде таусылатын.
Азап — ауыр. Онда жоқ жеңіл желік
Асу бермес ақ басты таусынатын.

Ақпан, 1997 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екінші есімім - Азап өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Екінші есімім - Азап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екінші есімім - Азап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екінші есімім - Азап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері