Дүниенің мынау кеңдігін – Қалау Сәлеметбайұлы

Бұл бетте «Дүниенің мынау кеңдігін» атты Қалау Сәлеметбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.12.2020
  • 0
  • 0
  • 849
Дүниенің мынау кеңдігін,
Көрермін соңғы кешімде.
Ұйқыда жатыр өмірім,
Өлімді көріп түсінде...
Шалынып менің тіліме,
Жығылды шаттық, білемін.
Мағынасыздық жібіне,
Маржандарымды тіземін.
Далаң кең еді,
Далақтап
шаптың ғой
Іздер енді кім?
Іріңді ай – тілі салақтап,
Сүйеніп тауға өлді түн.
«Өмірге рас келдім» – деп,
Әлдене күттің, бірақта...
Безгегі ұстап безілдеп,
Селкілдеп жатыр сағат та.
Күнімді көріп өзімнің,
Жыбырлаймын ғой баяғы.
Өзегіне сөзімнің,
Түспесем құрт боп жарады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниенің мынау кеңдігін өлеңінің авторы кім?

Қалау Сәлеметбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Дүниенің мынау кеңдігін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниенің мынау кеңдігін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалау Сәлеметбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниенің мынау кеңдігін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері