Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап

Бұл бетте «Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1009
Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап,
Шырқайды жүрек құрғыр сүйікті ән сап.
Адамның баласы бар тауға құмар,
Өтеді өмірінде биікті аңсап.
Бола ма жол болмасы таусылуға,
Ашпайды дұшпан болса, жау сырын да.
Адамның бар баласы тауға өрмелер,
Бәрібір не бар, не жоқтау шыңында.
Көктемге қыс, жол бермес ызғар сынбай,
Ғұмыр ғой сабы қысқа, бұл қамшындай.
Адамның биігі бар, аласасы,
Бірінен бірі биік тұрған шыңдай.
Тірліктің қоршап қоңыр қарбаласы,
Жетектеп өз аяғың алға басып.
Ойпаң Жерде өмірі өткесін бе,
Адамның тауға іңкәр бар баласы.
Шың болмаса қарайды қайда шығып,
Қайтеді көңілді іңкәр баураса үміт.
Тауда өскен тал-теректей табан тіреп,
Барады сансыз жүрек тауға асығып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері