Ағам айтқан – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Ағам айтқан» атты Серік Сағынтай жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 738
Ол кезде сен де он бесте, мен де он бесте,
Құлын боп қосылып ек елден көшке.
Құлдыраң құлыншақ кез ұмыт қалып,
Өкінтіп түседі екен өлгенде еске.
Ол кезде сен — құлыншақ, мен — құлыншақ,
Кейін ғой бөлек кетіп шерге ұрынсақ.
Дырау мұң дар айырып жон арқамды,
Қу тағдыр тепеңдетті-ай терлігін сап.
Ол кезде көктем күткен шулап алдан,
Бел асып кетті алдырмай қуған арман.
Не пайда енді соны еске салып,
Бауырға ап ер-тоқымды тулағаннан!
Құлын ем қияс-қырсық, қылығы — жын,
Лайланды-ау көңілімнің тұнығы мың.
Шарт етіп шалма түсті қыл мойынға,
Қайтейін, күйкі өмірдің құрығы ұзын.
Ол кезде сен де он бесте, мен де он бесте,
Құлын-күн түседі екен өлгенде еске.
Ілбіген жауыр мәстек қырдан асты,
Жырақта жылауық күн сөнген кеште.
Ол кезде сен де он бесте, мен де он бесте...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағам айтқан өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Ағам айтқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағам айтқан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ағам айтқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері