Ақша – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ақша» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1775
Шiркiн, ақша,
жолда жатса...
Қасым

Ақша!
Ақша!
Ақшаң болса – алшаңда!
Ақша болмай ел түсiп тұр сарсаңға.
Ақша дейдi,
ақша тауып бер дейдi,
қай жаққа сен,
қай тұсқа сен барсаң да!
Ақша дейдi –
құжынаған базарың,
ақша дейдi –
тақ-тұқ болған қазаның.
Сенделедi сең соққан бiр балықтай
ақшасы жоқ,
ақшасы жоқ қазағым!
Арып кеткен –
ақшасы жоқ алыптар.
Жанып кеткен –
ақшасы жоқ жарықтар.
Ақша күтiп,
ақша күтiп күн-түнi
тұрба-мойнын созып тұр ғой зауыттар.
Шөгiп қазiр кеткен-сынды –
асқарым,
шөгiп қазiр кеткен-сынды –
аспаным.
Созады ғой ақша сұрап, –
қарашы!
темiржолдар қос рельс – қос қолын!
Ақша күтiп зарығады –
далам да!
Ақша күтiп тарығады –
қалам да!
қарап-қарап сескенесiң осы бiр
үңiрейген ақшасы жоқ заманға.
Қажетiне тиын-тебен таба алмай,
қиналды жұрт айдалада қалардай.
...Мемлекеттер аласұрды
ақшасыз
ауа жетпей аласұрған адамдай.
Оталып бiр кете ме деп бал-құрақ,
жүрсем-дағы дәл осы сәт абдырап, –
қорықпаймын ақша күткен күнi-түн
зарыққан мен тарыққаннан мен бiрақ.
Өйткенi ол ұмытқан жоқ құдайды.
Құдай өзi бәрiн бiр күн құрайды.
Зарыққан мен тарыққандар
қалай да! –
жусан құсап жер уыстап шыдайды.
Мен бiрақ та шаңын қағып ортаның,
шығаратын құнарымның сортаңын, –
сатып жүрген ар-намысын елiнiң
сол ақшаға құныққаннан қорқамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ақша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері