Таусылу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Таусылу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 885
Ақтарылып тасыдым! –
Қара жартасты
Алып кете алмадым.
Көлденең жатқан
Құздарды
Жарып кете алмадым.
Ештеңе бiтiрмедiм!
Жүрiп жатқан
Сеңдердей күтiрледiм.
Қара қазандай қайнадым.
Келеге келген бурадай
Жынымды бүркiп.
Тiсiмдi
Қышыр-қышыр қайрадым.
Болмады.
Жаншылдым!
Таусылдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таусылу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Таусылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таусылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таусылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері