Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап

Бұл бетте «Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 697
Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап,
бұлт шығарып,
жел көтерiп,
жұлқылап –
кеудесiнен нанның иiсi аңқыған,
денесiнен жапырағы бұрқырап.
Алтын Күз-ай,
неткен қызық дәурен ең
өттiң-дағы мизам тартқан кермеден
жасап алдың жарқ-жұрқ еткен орақтар
найзағайдан,
нұр мен шапақ,
сәуледен!
Сенiң үнiң,
сенiң даусың бар маңда,
көрген мұны,
көрмеген де арманда.
Бердiң сонсоң орағыңды таратып
әр бiр қыстақ,
әр бiр ауыл,
ауданға!
Жаны кiрдi тыныш жатқан алаптың.
...Мизам шуақ тау сауырын жалап тұр...
Жатты сонсоң бүкiл далам үстiнде
дауысы естiлiп өзiң тартқан орақтың.
Жыр тыңдадым – сол орақтың үнiнен,
жатыр алқап майы шығып түгiнен.
Кең даламды астықпенен теңселген
ордың, ордың –
күнiмен де, түнiмен!
Кiдiрместен,
күн салмастан араға
сонан кейiн келiп кiрдiң қалаға...
Бар айнала судырлаған суылдап
көйлек киiп алыпты ғой сары ала!
Әрбiр сыбыс,
әрбiр үннен жыр күтiп,
әрбiр демнен, әрбiр лептен сыр күтiп
жүрдiң сонсоң бұтағынан ағаштың
дiр-дiр еткен жапырақтарды үркiтiп.
Араладың iшiн-сыртын қаланың,
араладың көшелерiн, алаңын,
араладың,
араладың армансыз
иығыңда жалт-жұлт етiп орағың.
Әлденеге мәз боп егер көп күлсем
дәл төбеме жапырақтарды төктiң сен...
Гүлзарларда ақ масағы құйылған
фонтандарды орып алып кеттiң сен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері