Екі көз бен бір бас – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Екі көз бен бір бас» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1274
Мұрынның
Қырының
Екі жағында екі көз тұрды,
Міндеттерін сөз қылды,
Күндестіктерін қоздырды:
Оң көз күлімдеді.
Сол кезде
Сол көзге:
– Ұғын, – деді, –
Оң көзімін иемнің,
Дүниені сүйемін.
Біреудің бақшасына,
Біреудің ақшасына
Қызыға қараймын,
Бұзыла қараймын.
Бергенді жақсы көремін,
Бермесе, бақсы дер едім.
Сол көз айтты:
– Ей, інім,
Жаман екен пейілің.
Қылғу болса құлқының,
Көпке бармас бұл күнің.
Ал, мен болсам әманда,
Ардан безген адамға
Тесіле қараймын,
Өшіге қараймын.
Жалын атып, шоқ болып,
Қадаламын оқ болып.
Өңменінен өтемін,
Жүрегіне жетемін...
Бас жеткізді ойын дәл:
– Бос таласты қойыңдар.
Дүниеқоңыз ашқарақ
Шыққыр көзді ойыңдар.
Мына байтақ ғаламға,
Құбылмалы заманға
Қараңдаршы басқарақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі көз бен бір бас өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Екі көз бен бір бас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі көз бен бір бас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі көз бен бір бас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері