Саяжай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Саяжай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1506
Бір күні иесіне
Саяжай былай деді:
«Жаратқан Құдай мені
Кім үшін, білесің бе?
Жоқ, білмейсің.
Білсең, бұлай жүрмейсің.
Ішкенің алдыңда,
Ішпегенің артыңда,
Түнімен «сызасыңдар»;
Қызасыңдар,
Достарыңмен бірігіп,
Өліп-тіріліп,
Қайта бас жазасыңдар;
Жыртақтай жеңіл күліп,
Мәні жоқ өмір сүріп,
Осылай азасыңдар.
Бұл жерге ақын келсе,
Басқаша болар еді:
Жанына лапыл берсе,
Көңілі толар еді,
Шабытқа қонар еді.
Табиғат аясында
Қиялды қуар еді.
Саяжай саясында,
Тың жырлар туар еді».
* * *
Ақындарға аядай
Жетпей жүрсе саяжай,
Ақымақтар оларды
Қорлап жүр-ау аямай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саяжай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Саяжай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саяжай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саяжай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері