Бейбарыстың елге оралуы – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Бейбарыстың елге оралуы» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 999
Жолына басты тігіп Һақ Тәңірдің,
Боз таңда мақпал қара атқа міндім.
Бозаңға боз жусандай бұрлыға өсіп,
Көктемде көк Ніл болып ақтарылдым.
Ей, Жалған, тыңда мендей шермендені,
Елес боп еске түспес ел мен жері.
Құл тірлік несіп екен өлмеген соң,
Дүние — бесік екен тербелмелі.
Дүние — зеңгір көктей нұр саулаған.
Сұм тағдыр, құл талқысы құрсаулаған.
Өткен күн — өткелегі өкініштің,
Қара үңгір қапас екен күн шалмаған.
Боз жусан, бозаңға өскен бір білерім,
Кеудемді кер намыс боп тілгіледің.
Сұлтандық ұлтандықты ұлтарақ қып,
Беріш боп қатып кеткен сұм жүрегім.
Беріш-мұң көкірекке шемен байлап,
Егілсем, еңсе кермес емен-қайрат.
Көзіме боз жусан боп елестейді
Боз таңда шық тұнатын ежелгі аймақ.
Кеудеме кер намыстың өрті құлап,
Белесте бел шешпеппін беркініп ап.
Боз жусан, сенен сезіп далам иісін,
Денеме дәрмен кірді, дерт ыдырап.
Қарт тәннің дерті ыдырап, шері кеміп,
Туған жер!
Саған келдім тебіреніп.
Шық тұнған боз жусанды бір иіскейін,
Анамның көзі ғой деп еміреніп.
Ей, Жалған, тыңда мендей шермендені,
Пендеңнің тынар сапар-сергелдеңі.
Жусанға басым төсеп көз жұмайын,
Дүние — бесік екен тербелмелі.
Ей, Жалған, тыңда мендей шермендені!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейбарыстың елге оралуы өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Бейбарыстың елге оралуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейбарыстың елге оралуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейбарыстың елге оралуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері