Сен мені жек көргеннен не шығады?! – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Сен мені жек көргеннен не шығады?!» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1009
Сен мені жек көргеннен не шығады?!
Сағынып жиі аларсың есіңе әлі.
Кактустай отыз жылда бір-ақ гүлдер,
Ессіз жан ер қадірін кеш ұғады.
Сен менен түңілгейсің.
Мен түңілгем.
Өшпес тек өкініштің өрті бірден.
Елесім түн баласы есік қағып,
Өтерсің өзіңді-өзің өлтірумен.
Сен менен жерінгейсің.
Мен жеріндім.
(Тиынын санадың-ау теңге-өмірдің).
Алдамшы ғұмырыңа қорек етер
Қалдығы жетер осы көргеніңнің.
Сен мені ғайбаттай бер — нем кетеді,
Өз сөзің өз кеудеңді шерлі етеді.
Жүректе кеш бүрлеген сезіміңнің
Бесігін елес қана тербетеді.
Сол елес — мендік рухтан жаралған нұр,
Сен емес, бесігі үшін алаңдап жүр.
Кеудеңе көктен жұлдыз жарық салсын,
Қош боп тұр, сабағы ерте ағарған гүл!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен мені жек көргеннен не шығады?! өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Сен мені жек көргеннен не шығады?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен мені жек көргеннен не шығады?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен мені жек көргеннен не шығады?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері