Кәмшат бөрік (3 нұсқа)

Бұл бетте «Кәмшат бөрік (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1520
Қалам алып хат жаздым мен қиялдап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сіз біткен бір бәйтерек,
Бұтағына жүрмесін қарға ұялап.

Қайырмасы:
Кәмшат бөрік қыз болды-ай,
Қара жол ма дегенім.
Шұбырынды із болды-ай,
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім сіз болды-ай.

Алтыным-ай дегенге алтыным-ай,
Ақ дидарын көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Сәу-саламат жүрмісің, жарқыным-ай?

Қайырмасы:
Кәмшат бөрік қыз болды-ай,
Қара жол ма дегенім.
Шұбырынды із болды-ай,
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім сіз болды-ай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәмшат бөрік (3 нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Кәмшат бөрік (3 нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәмшат бөрік (3 нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәмшат бөрік (3 нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері